Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Заң нормалары түсіндірілді

Заң нормалары түсіндірілді

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы Zoom платформасы арқылы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Қызылорда облысының статистика департаменті мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, ұлттық халық санағын өткізу жөніндегі аудандар мен учаскелер уәкілеттілерімен кездесу өтті.
Кездесу мақсаты – халық санағын өткізу барысында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, мемлекеттік қызметшілердің моральдық құндылықтарын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін парасатты және адал қызмет атқару. Сонымен қатар, санақ персоналын жұмысқа іріктеу-қабылдау (өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша) кезіндегі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, сондай-ақ, интервьюерлердің шарттың барлық талаптары мен шарттарын сақтауы мен орындауына басым назар аударылды.
Шара барысында департаменттің аға офицеріОмаршаев Мейрамбек Дүйсенбіұлы- сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі міндеттерінің бірі – парасаттылық идеологиясын ілгерілету және жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру болып табылатындығын атап, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
28 мамыр 2021 ж. 333 0