Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Денис Теннің өлімі: Мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан Толыбаева қайтадан түрмеге қамалды

Денис Теннің өлімі: Мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан Толыбаева қайтадан түрмеге қамалды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаеваны қайтадан түрмеге қамалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

2020 жылы Толыбаеваның жазасы бостандықты шектеуге ауыстырылды. Бірақ 2021 жылы сәуірде сот шешімнің күшін жойып, оны қайтадан түрмеге қамады.

"Бірінші рет сұхбат беріп жатырмын. Бұған дейін сұхбат беруден бас тартып келдім. Бұл жолы бергім келіп жатыр, себебі мені бір рет емес, бірнеше рет осы жерге қайтарып жатыр", – деді Толыбаева.

Айта кетейік, заңға сәйкес ауыр қылмыс үшін сотталған кез келген азамат жаза мерзімінің 1/3 бөлігін өтегеннен кейін қалған бөлігін жазаның едәуір жеңіл түріне ауыстыру туралы сотқа өтініш білдіре алады.

"Егер құқық бұзушылық болмаса, жақсы мінез-құлық болса пайдалана аласың. Менде ынталандыру, оң мінездеме болды. Сонымен қатар менің екі кішкентай ұлым бар, біреуі менімен, екіншісі ата-анаммен. Сот маған жазаны бас бостандығын шектеуге ауыстырды. Бірақ босатылғаннан кейін бір жыл үш айдан соң мені қайтадан колонияға қайтарды", - дейді сотталушы.

Ол қазір баласымен бірге Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

"Оның бәрі осы колонияның сот алқасының қателігі. Себебі олар дәл уақытында марқұмның туыстарына менің сотқа өткізгенім туралы ешқандай ескерту жібермеген. Бір жыл үш айдан кейін қайтадан келіп отырмын. Бір жыл болған кезде бүкіл сайт "Толыбаева бостандыққа шықты, бір жыл болды" деп жаза бастады. Оған дейін ешкім ештеңе жазған жоқ болатын. Денистің туыстары сол кезде біліп, шағым берді. Оның негізінде мені колонияға қайтарды", – деді Толыбаева.
03 маусым 2021 ж. 598 0