Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Рухтарыңыз мықты болсын": Денис Теннің еш жерде жарияланбаған видеосы

"Рухтарыңыз мықты болсын": Денис Теннің еш жерде жарияланбаған видеосы

Желіде бір жыл бұрын көз жұмған танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің бұған дейін еш жерде жарияланбаған видеосы пайда болды. Онда еліміздің бас қаласының туған күнімен құттықтаған

Аталған видеода Денис Тен елордамыздың 20 жылдығына орай құттықтауын жеткізген. 
"Қымбатты қазақстандықтар, сіздерді елордамызбен байланысты елеулі оқиғамен шын жүректен құттықтағым келеді. Мен небәрі 24 жастамын, ал астана 20 жасқа толып жатыр. Осы уақыт ішінде көптеген жеңіске жетті. Жуырда ғана ЭКСПО, Мұз шоуы және басқа да көптеген тамаша форум өтті. Аталған форумға әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар келді. Меніңше, бұл дәл осындай жас астана үшін тамаша оқиға. Әлемнің ең жас астанасы десек те болады. Сол себепті барлығын осы оқиғамен құттықтаймын. Алда бізді талай мықты шаралар күтіп тұр деген ойдамын. 
Қазақстанның ішіндегі азаматтарды ғана емес, жырақта жүрген қандастарымызды да қуантатын шаралар көп болады деген үміттемін. Барлығыңызға денсаулық, бақыт пен береке тілеймін. Күн сайын қуантатын ішкі рухтарыңыз мықты болсын", - деді Денис Тен.
Айта кетсек, бүгін әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туған күні. Спортшының көзі тірі болғанда 26 жасқа толар еді.
http://stan.kz
13 маусым 2019 ж. 804 0