Түнде терлеудің салдары
Түнде ұйықтап жатып терлеудің себебі көп. Жамылып жатқан көрпе, төселген төсек-жай қалың немесе бөлме ыстық болуы мүмкін. Киіп алған киім де ыстықтауға әкеледі.
Мамандар күйзеліс те, жатар алдында ащы тағам жеу де, ішімдік ішу де түнде терлеуге әкелуі мүмкін деседі.
Сондықтан адамның түнде, ұйықтап жатып терлеуі – қалыпты жағдай. Бірақ бір емес, қайта-қайта терлеп, суық тер басылмаса, онда қауіптенуге себеп бар.
"Түнде терлеудің себебі көп. Ара-тұра терлеу ештеңе емес. Бірақ түнде терлеуіңІз басылмаса, онда дәрігерге қаралған абзал", - дейді Германия Ұлттық дәрігерлер қауымдастығының мүшесі Джен Вагенкнехт.
Егер түнде терлеумен бірге тағы да қосымша симптомдар басталса жақсылықтың нышаны емес. Мәселен, салмақ тастау, ауру, ұстама ұстау, қызу көтерілу сынды симптомдар байқалуы мүмкін. Бұл – созылмалы аурудың, кейде тіпті қатерлі ісіктің белгілері болуы ықтимал.
massaget.kz