Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның солтүстік және орталық аудандары антициклонның ықпалында болады. Сондықтан көбіне жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.
Ал еліміздің басқа аумақтарында атмосфералық фронттарға байланысты ауа райы құбылмалы сипатта болады. Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, дауыл соғады. Жел күшейеді. Оңтүстік-шығыста таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады.
Республиканың кей жерлерінде бұршақ жауады, дауыл тұрады, күшті жел соғады.
kyzylorda-news.kz