Құрғаған қол терісіне арналған кремдер

Маска №1 – банан маскасы
Банан маскасы қолды ылғалдандырып, сонымен қатар суықтан немесе жылудың ұзақ уақыт әсерінен кейін шыққан әжімдерді жояды. Бұл масканың жасалу жолы өте оңай, кез-келген адам жасай алады. Жасалу жолы: бананды қасықпен жұмсақ болғанша араластырып, оған 1 шай қасық зәйтүн майын қосып араластырады. Маска дайын. Масканы қолға жағып, 1-2 сағат ұстау қажет. Курс: аптасына 1-3 рет.
Маска №2 – картоп маскасы
Қолға маска жасаудың тағы бір тиімді жолы картоп маскасы. Жасалу жолы: картопты қайнатып, оны жұмсақ болғанша араластырады. Содан соң керек мөлшерде сүт қосып, тағыда араластырады. Маска дайын. Қоспаны қолға жағып, 3 сағат ұстау керек. Теріңіз қатты құрғақ болса аптасына 2 рет осы масканы пайдалануыңыз қажет.
Маска №3 – көк шайдан жасалған маска
Бұл – ұзақ уақыт суықта тұрған қолға өте пайдалы маска. Теріні жақсы ылғалдандырады. Жасалу жолы өте оңай, пайдасы мол маска. Жасалу жолы: 1 ас қасық майсыз сүзбемен 1 ас қасық көк шайды қосып араластырамыз. Қоспаға 1 шай қасық зәйтүн майын қосамыз. Маска дайын. Масканы қолға жағып, жарты сағат ұстау керек. Бұл масканы күнде жасауға болады, сонда апта соңына қарай нәтижесін байқайсыз.
Маска №4 – қияр маскасы
Қияр маскасы қол терісін ылғалдандырып, тегістейді. Сондай-ақ бұл масканы бет терісінеде пайдалануға болады. Бет терісін тегістеп, әжімдерді кетіруде өте пайдалы. Жасалу жолы: Қиярдың қабығын алып тастаймыз. Аршылған қиярды үккіштен өткізіп, қолға жаға беруге болады. 30-50 минут ұстау қажет. Бұл масканыда күнде жасауға болады, сол кезде терісіңіз ылғалды, әрі күтілген көрінеді.
Ас үйден шықпай, сұлулық салонына бармай-ақ қол терісіне осылай күтім жасауға болады екен. Ал, сіз құрғақ терімен күресте қандай маска қолданасыз?
massaget.kz