Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада сотталғандар аттестат алды

Қызылордада сотталғандар аттестат алды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментініӊ ЗК-169/5 мекемесіндегі жалпы білім беретін мектепте оқығандарға 2020-2021 оқу жылын аяқтап, орта білім алғандығы туралы аттестат берілді.
Ел азаматтары орта білімді міндетті түрде алу тиіс. Сондықтан біліммен қамту бас бостандығынан айыру орындарында да жүзеге асырылуда. Аталған іс-шараға облыстық білім басқармасына қарасты жалпы білім беретін кешкі мектеп директоры А.Абашова қатысып, мектеп бітіруші түлектерге алған аттестаттарын игі кәдеге жаратуларына тілектерін білдіріп, оларға табыстар тіледі және сотталғандарға білім беруге жан-жақты көмек көрсеткені үшін мекеме басшылығына алғысын білдірді.
«Бүгін мен үшін қуанышты күн. 11-сыныпты бітіріп, қолыма аттестат алып отырмын. Жастықтың желегімен жаза басып, жаңылып, тағдыр тауқыметімен мектепті де аяқтай алмай қалғанмын. Жалпы біз  түзеу мекемесінде қамауда отырсақта, уақытты текке өткізбей, бостандықта ала алмаған білімімізді осында алып жатырмыз, енді одан әрі жазамды өтей жүріп, кәсіптік колледжде «ағаш ұстасы» мамандығын оқығым келеді -дейді сотталған.
Аттестат беру рәсімі аяқталған сәтте  жазасын өтеушілер мектеп мұғалімдеріне ізгі тілектерін жеткізіп кешті көңілді аяқтады.

kyzylorda-news.kz
15 маусым 2021 ж. 508 0