Сотталғандар соңғы қоңырау қақты

Кешкі мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ә.Байтілеуова қатысушыларды мерекесімен құттықтап, оқу барысында үлгілі тәртіптерімен үздік нәтиже көрсеткендерді мақтау қағаздарымен марапаттады.
– Қылмыстық атқару кодексінің талабына сай 30 жасқа дейінгі сотталғандарға орта білім алу міндеттелген. Мұндағы орта білімі жоқ 9 адамның 2-і 11 сыныпты бітіріп отыр, – деді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет майоры Қ.Дайрабаев.
– Жастық шақта аңғалдығымнан жаза басып, құқық бұзғаным үшін жазамды өтеп жатырмын. Осының салдарынан оқи да алғаным жоқ. Мекеме қызметкерлерінің көмегімен кешкі мектепте білім алдым. Ұстаздар еңбегінің нәтижесінде орта білімімді растайтын құжат алып отырмын. Осы үшін мекеме әкімшілігі мен кешкі мектеп ұстаздарына алғыс білдіремін, – дейді жазасын өтеуші.
Департаменттің баспасөз қызметі