Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада техникалық тексеруден өтпеген 535 көлiк анықталды

Қызылордада техникалық тексеруден өтпеген 535 көлiк анықталды

Қызылорда облысы көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында мамыр айының 17-нен маусым айының 16 күндері аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Шара барысында жол қозғалысы ережесін бұзудың -10925 дерегі анықталды. Оның ішінде жүргізушілердің еңбек және демалу режимін бұзған-1, көлік құралын жалған және қолдан жасалған МТНБ-мен басқарған -9, тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқарған-118 жүргізуші болған. Оның ішінде сыртқы жарықтандыру аспаптарының орналастыру режимін бұзған-17, рейс алдындағы міндетті тех. және медициналық байқаудан өтпеген-19, 535 жүргізуші мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқарған. Көлік құралын басқару кезінде телефон пайдаланған-593, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырған-1521, қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану қағидаларын сақтамаған-2380, маневр жасау қағидаларын бұзған-343, жолдың қарсы бағытына шыққан-15, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өткен -142 жүргізуші анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар қозғалыста жаяу жүргiншiлердің жүруiне басымдық бермеудің-313, соқтығысу сәтін туғызудың -86, темір  жол өтпелерінен өту қағидасын бұзған-88, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі адамның басқаруына берудің-106 дерегі анықталды. Құжаттары жоқ 259 адам көлiк құралын басқарып, көлік құралын басқару құқығынан айырылған 45 адам тіркелген. 746 жүргізуші жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзған , 16 жүргізуші заңсыз жолаушылар тасымалдаған.
Жалпы облыс көлемінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған осындай арнайы жедел-профилактикалық іс-шаралары әрі қарай жалғасын табатын болады.

kyzylorda-news.kz
17 маусым 2021 ж. 469 0