Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда қоғамдық жұмысты орындамаған тұрғын сотталды

Аралда қоғамдық жұмысты орындамаған тұрғын сотталды

Арал қаласының тұрғынына ақпан айында Ақтөбе қалалық сотының үкімімен 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған болатын.
Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі, 1,3-тармағымен кінәлі деп танылды. Оған жазасының барлық мерзімінде 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту белгіленген. Пробация есебіне алынған азамат пробация қызметінің талаптарына бағынбай, сот үкімінде көрсетілген 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа шықпай, пробация қызметкерлерінің ескертулеріне құлақ аспаған.
Пробация қызметкерлері Арал аудандық сотына жазасын орындамаған азаматқа байланысты бас бостандығын айыру үшін ұсыныс жолдаған.
Арал аудандық сотының қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі 2 жыл 9 ай 2 күн бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

kyzylorda-news.kz
21 маусым 2021 ж. 412 0