Кофенің адам денсаулығына пайдасы мен зияны

Сонымен бірге кофе көңіл күйді көтереді, есте сақтау қабілетін арттырады; жаттығудан кейін бұлшық ет ауруын басады, күйзелістен құтқарады; бауыр, асқазан ауруларының алдын алады. Екі немесе одан да көп кесе кофе ішсе, бауырдың цирроз ауруына, қатерлі ісікке шалдығудың алдын алады және өтте тас жиналмайды.
Кофе Диабет, Альцгеймер мен Паркинсон ауруларынан құтқарады. Альцгеймер ауруы 65-тен асқан адамдарда болады. Оның белгілері: ұмытшақтық, ойлау қабілетінен айырылу. Ол үшін дұрыс тамақтанып, үнемі физикалық және рухани жаттығулар жасап, кофе ішіп тұру керек. Кофе қанқұрттан қорғайды. Ғалымдардың көбі қара кофе ішуге кеңес береді. Себебі сүт пен қаймақ кофенің пайдалы қасиеттерін жоғалтады екен. Сонымен кофе ішу біреулерге күш-қуат беретін сусын болса, енді біреулерге дәмі ұнап жатады.
Бұл сусынды ішетін адамдардың көңіл күйі көтеріңкі жүретінін тәжірибе нәтижесінде дәлелденген. Кофе жеңіл антидеприссант секілді түрлі бас ауруының алдын алып, серотонин, дофамин, норадреналин қосады. Сонымен қатар депрессияның төмен мөлшерін көрсетеді. Ғалымдар күніне 1 стакан кофе ішкен адамның өмір сүруге құлшынысы артып, артық ойларды басынан алып тастайтынын айтады. Егер өмірдің дәмін жоғалтсаңыз, бір шыны кофе сізді бақытты етуге көмектеседі. Алайда кофені мөлшерімен әрі уақытымен ішкен дұрыс.
Кофенің пайдасымен бірге зияны да бар екен.Кофені ішкен кезде 15 минуттан кейін ағзаға әсер етіп, алты сағатқа дейін белсенді болады. Сусынды көп ішкен жағдайда сергіту әсерімен бірге ұйқысыздыққа шалдықтырады. Сондықтан түстен кейін немесе жатар алдында кофе ішпегеніңіз дұрыс.
Кофемен бірге дәрі ішуге болмайды, сондай-ақ әйелдердің ана болу мүмкіндігін азайтады.Невада университетінің ғалымдары кофе ішетін әйелдердің жатыр түтігінің белсенділігі төмен болатынын, түсік тастау қаупін тудыратынын анықтаған. Жүктіліктің алғашқы жеті аптасында кофе ішу зиянды дейді ғалымдар. Қан қысымын көтереді әрі тәтті құмарлыққа әкеледі. Италия ғалымдары 18 бен 65 жас аралығындағы адамдарға зерттеу жасап, нәтижесінде кофені көп ішетін адамдардың қан қысымы көтерілетінін дәлелдеген.
Қорыта айтқанда, кофенің пайдалы да зиянды да жақтарын естен шығармауымыз керек. Сондай-ақ егер қуықта, асқазанда қан қысымына байланысты аурулар болса, кофеден мүлдем бас тартқаныңыз жөн.
М. ХАКИМОВА