Жемқорлық – қоғам дерті

Жемқорлықты жеңу еліміз үшін нақты белгіленген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі екендігі баршамызға мәлім.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желілердің, өзге де ресурстардың дамыған уақытында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі, жалпы қоғамның қарсылығы онымен күрестің қуатты құралына айналуы тиіс. Сонда ғана жемқорлыққа қарсы күрестен нәтиже шығады.
Осы орайда «Арал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер elicense.kz порталы арқылы көрсетіліп, сондай-ақ «Дипломмен ауылға!» бағдарламасына қатысу үшін құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК» коммерциялық емес АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» және электронды үкімет веб-порталы арқылы қабылданып, бір жүйеге қойылып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға септігін тигізуде деп білеміз.
О. ДАБЫЛОВ,
«Арал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ бас маманы