Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кірпік жалғаудың көзге зияны қандай?

Кірпік жалғаудың көзге зияны қандай?

Әйелдер ең көп баратын процедураның бірі – кірпік жалғау. Жасанды кірпік көзді ашық, үлкен әрі әдемі көрсетеді. Бірақ сұлулығынан бұрын зияны барын да ескерген абзал.

Кірпік жалғауды өз маманына жасату керек. Үйде өзің жапсырып немесе хабары аз танысыңа сеніп тапсыру қауіпті-ақ. Оның соңы орны толмас өкінішке алып келмесіне кім кепіл?

Бұл процедураның ұзақтығы шамамен 1,5-2 сағат уақыт алады. Әр көзге 40-тан 100-ге дейін жасанды кірпік қолданылады.

Кірпік жалғаудан болатын қауіп:

1. коньюнктивит, кератит

2. аллергиялық реакциялар

3. қабақтың ішкі бетінің эрозиясы

4. індет жұқтыру

5. құрғақ көз синдромы

6. алопеция

7. демодекс

Егер кірпік жалғауды жоспарлаған болсаңыз, онда мамандары санитарлық нормаларды қатаң сақтайтын және кірпіктерді жалғау үшін жоғары сапалы материалдарды пайдаланатын клиниканы немесе сұлулық салонын таңдаңыз.

massaget.kz
07 шілде 2021 ж. 550 0