Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Қазақстанда 15-17 шілде аралығында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерде екпінді жел, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, деп хабарлады Қазгидромет.
Оңтүстік аймақтарды қоспағанда, Қазақстанның барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады. Күн күркіреп жаңбыр жауады.
Батыста ауа температурасы түнде +15…+23℃, күндіз +25…+38 градус. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +6…+20℃ болса, күндіз сынап бағанасы +10…+28℃-ты көрсетеді.
Елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +7…+20℃, күндіз +15…+30℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнде температура +12…+23°С, күндіз +27…+38°С болады.
Нұр-Сұлтан қаласында 15 шілдеде күн бұлтты болады, жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +15°С, түнде +10°С. Желдің жылдамдығы – 13 м/с.
16 шілдеде көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +17°С жылы болады, түнде ауа температурасы +11°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы – 12 м/с.
Ал 17 шілдеде көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Күндіз +24°С, түнде +11°С жылы болады.
Алматыда 15 шілдеде көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы +31°С, түнде +19°С болады. Желдің жылдамдығы – 9 м/с.
16 шілдеде қалада көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауады. Синоптиктер найзағай ойнайды деген болжам жасады. Ауа температурасы күндіз +25°С, түнде +19°С.
Ал сенбі, 17 шілдеде күн ашық болады. Күндіз +29°С жылы, түнде +20°С.
Шымкент қаласында 15 шілдеде күн ашық, ауа температурасы күндіз +31°С, түнде +18°С. Желдің жылдамдығы – 10м/с.
16 шілдеде де күн ашық, күндіз +32°С, түнде +18°С жылы болады. Сенбі, 17 шілдеде күн ашық болып, ауа температурасы +35°С-қа дейін көтеріледі. Түнде +21°С-ты көрсетеді.
kyzylorda-news.kz