Шаруаларға көмек заңдылыққа сай көрсетіледі

Өзім де қазіргі таңда ет бағытында түйе және жылқы малын өсірумен айналысамын. Жылда малға қажетті жем-шөмті өзіміз алып, қыстың қамына ерте жаздан кірсетінбіз. Биылғы қарекет те осы. Дегенмен жағдайға байланысты қазіргі уақытта малға қажетті жеп-шөптің жағдайы аздап қиындық тудыруда. Осы мәселеге қатысты дерекке енгізілген мал басына мемлекеттен субсидия беріледі деген ақпараттар бар. Бүгінде соны аламыз деп талаптанып жатырмыз. Расында біз үшін мемлекеттен берілетін көмектің арқайсысы маңызды. Сол үшін қолда бар малды жергілікті құзырлы мекемелер арқылы есепке тіркеп, нақты санын көрсету маңызды. Мұндай жағдайда қай шаруа болмасын көмектен құр қалмайды деп ойлаймын.
Файзулла Хайрлаев,
«Несібе» шаруа қожалығының төрағасы