Мақсатсыз жұмсалған қаржының қайыры болмас

Біз қай уақытта болмасын «Бірлескен істе береке бар» деуші едік қой. Азаматтар қордағы қаражаттың бір бөлігін алдымен көмек ретінде, содан соң табиғи сипаттағы қуаңшылық жағдайдың алдын алу мақсатына бағыттағалы жатқанын естіп іштей риза болыстық. Себебі ашқа келді екен деп есепте тұрған әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға ақшалай немес шөптей таратып беруді бәрі біледі. Алайда одан кейінгі жағдай қалай болмақ?! Алда қылышын сүйретіп қыс келеді. Біз жағдайды қазірден бағамдап, төтенше жағдайға деп бөлінген қаржы келемін дегенше қарекет қылмасақ, жағдай бұдан да ушығып кетуі мүмкін. Сол себепті де қолда барды ұқсатып, қордағы қаржыны қуаңшылық жағдайынан қалыпты деңгейде өтуге бағыттауымыз керек деп ойлаймын.
Бүгін қор қаржысы есебінен ауданға алғашқы көмектің легі жеткізіліпті. Қостанай облысынан келген ауданға қажетті деген 900 тонна жемнің бүгінде 34 тоннасы ауданға қарасты Сексеуіл кенті тұрғындарына үлестірілген. Жалпы кент бойынша көмекке мұқтаж 150 отбасының тізімі жасақталған болса, бүгін соның 50 отбасы қажетті көмек алды деуге болады. Бұл істің қайыры боларын сеземіз. Бұдан бөлек қордан бөлінген көмек аясында Аманөткел ауылындағы Аспай суағытқысын жөндеп іске қосу, Беларан ауылдық округіне су таситын арнайы КАМАЗ автокөлігін, 2 су айдау насосын және осы ауылға 1 су ұңғымасын қазу, сондай-ақ 2 дана трактор жиынтығын алу жоспарланған. Бұл енді ертеңгі күннің қарекеті. Сондықтан барлық бастамаға сабырмен қарап, әрбір істің қайырын күткеніміз жөн.
А. БИСЕНОВ