Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 27 шілдеге арналған ауа райы болжамы

27 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 27 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Антициклон әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс және шығысында атмосфералық ағындардың өтуімен жаңбыр жауады, найзағай, шығыста бұршақ және дауыл тұруы ықтимал.
Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстікте және орталықта түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.

kyzylorda-news.kz
27 шілде 2021 ж. 213 0