Татуластыру рәсімдерін қолданудағы белсенді жұмыстар

Аталмыш істерді сот талқылауына дайындау барысында, судья Н.Бекетаев тараптарды бітімге шақырып, «Медиация туралы» заңның талаптары мен тиімділігін түсіндірген.
Осыдан соң, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеуге бет бұрып, сотқа өзара жасасқан медиативтік келісімдерін бекіту үшін ұсынса, партисипативтік рәсіммен аяқталған іс бойынша келісімге екі тараптың адвокаттары қол қойып, ұсынған.
Сот ұйғарымдарымен келісімдер бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымдары талап қоюшыларға қайтарылған.Мұның барлығы, тараптардың даудың соттан тыс шешілуіне қызығушылықтарының артып, татуластыру рәсімдерінің жүргізілу деңгейінің жоғарылағанын аңғартса керек.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі