Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрт қауіпсіздігі басты назарда

Өрт қауіпсіздігі басты назарда

Бүгін Арал аудандық "Jas Otan" жастар қанаты мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қала тұрғындары арасында өрт қауіпсіздігі, газ тұтыну ережелерін сақтау және алдын алу шараларына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кей жағдайда адамдардың салғырттығы мен немқұрайлылығынан туындап жататын бұл жағдайдың алдын алу басты міндетіміз болып саналады. Тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізудің маңыздылығы да осында.    
Аудан тұрғындарына өрт қауіпсіздігінің алдын алу жөніндегі ережелер жазылған парақшалар таратылды. Осындай аталмыш шара аудан көлемінде өз жалғасын таба беретін болады.




Арал аудандық "Jas Otan" жастар қанаты 
27 шілде 2021 ж. 354 0