Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қос мектеп – көптің қуанышы

Қос мектеп – көптің қуанышы

Тәуелсіздікке қол жеткізген отыз жылдың ішінде мемлекеттің дамуы жоғарылап, әлем елдерімен бәсекелестікке лайықты деңгейде жетті. Тек экономикалық өсім ғана емес, білім, өндіріс, технология мен өзге де салалардың дамуында қарқын байқалды. Бұл бірінші кезекте өте қолайлы жағдайдың жасалуынан.

Расында, ел дамуын жеделдететін қай саланың болмасын бір-бірімен өте тығыз байланысты. Оған уақыт дәлел болып отыр. Мәселен, білім саласының бүгінгі деңгейін, әлемдік кеңістікте бәсеке қабілеттілігін ескерер болсақ, бұған бірінші кезекте мемлекеттен жасалған қолдау үлкен көмек болды. Аудан көлемінде де біз оған көз жеткіздік. "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасының аясында аудандағы апатты жағдайдағы мектептер толықтай жаңартылған болатын. Бұл ретте аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің өлшеусіз еңбегін атап өтсек болады. Білім алушыларды сапалы, жаңа заманға сай оқу процесіне өте ыңғайлы жаңа ғимаратпен қамтамасыз етуде еткен еңбектің нәтижесінде жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз.
Бұл үрдіс ауданымызда әлі де жалғасын тауып келеді. Балалардың қауіпсіздігі үшін атқарылып жатқан жұмыстардың қатарында құрылыс саласы мамандарының бүгінгі еңбегін атап өтпеске болмас.
Солардың бірі – Сексеуіл кентіндегі 300 орындық жаңа мектептің құрылысы. Ұзақ жылдар бойы кент тұрғындарының күрделі мәселесіне айналған құрылыс былтыр қолға алынып, жаңа мектеп салу жұмысы басталғанынан барша аудан тұрғындары құлағдар. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асқан бұл жаңа нысан биыл жыл басында сексеуілдіктерге қуаныш сыйлады. Бас мердігер«Энергомера» ЖШС мен қосалқы мердігері «НұрТехСервис» ЖШС-ның сапалы жұмысының нәтижесінде қыркүйек айында 300 орындық жаңа мектеп оқушыларды қабылдауға толықтай дайын.
Бұл бүгінде ел игілігіне пайдалануға әзір тұрған нысандардың бірі десек, Арал қаласы тұрғындарының назары қазірде қаладағы №71 мектеп-интернатының құрылысында болып отыр.  Құрылысшылар күні қарсаңында жаңа ғимаратың қарқыны жайлы айтып өтсек.
Арал ауданы Арал қаласында 100 орындық интернатымен қоса 200 орындық №71 мектеп құрылысы бүгінде басталып кетті. Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының назарында тұрған нысаның жұмысымен қазіргі уақытта бас мердігер «SCS Инжиниринг» ЖШС айналысып отыр. Мектептің құрылысы 2022 жылға өтпелі болып қаралған. Дәл қазіргі уақытта іргетасын монтаждау жұмыстары толық аяқталып, қабырғасын қалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар биыл қаладағы №260 орта мектебінің шатыры жаңартылып, ағымдағы жөндеуден өтсе, алдағы уақытта тағы да бір мектепке ағымдағы жөндеу жасалады деп жоспарлануда.
Бұл – құрылыс саласының жыл көлемінде тек бір ғана білімнің дамуына байланысты атқарған жұмыстарының тізбегі. Мұнан бөлек қаланың көркеюі мен сәулеттенуі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, басқа да жүйелі жұмыстардың басынан табылатын құрылыс саласы қызметкерлерінің еңбегіне көңіл толады.

Оңталап ЖОЛДАСОВ

09 тамыз 2021 ж. 394 0