Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа мектеп бой көтермек

Жаңа мектеп бой көтермек

Қазір білімділердің заманы. Оқу мен білім салтанат құрған қазіргі уақытта әрбір жас қазақстандық еркін білім алып, оларға барынша жағдай жасалуы қажет. Бұл мәселе қашанда мемлекеттің басты назарында. Бала қауіпсіздігі, олардың оқумен толықтай қамтамасыз етілуі көңілге қуаныш ұялатады. Аудан көлемінде де мектепке дейінгі білім беру мен мектептердің жабдықталуы жоғарғы деңгейде. Апаттық мектептер қатары мүлде жоқ.Дегенмен №71 орта мектебінің жайы ата-аналар мен ұстаздарды көп уақыттан бері мазалап жүргені жасырын емес. 1958 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан білім ошағының құрылысы 1979 жылы қамыстан тұрғызылған. Оқу құрылымы мен жабдықталуы жан-жақты қамтамасыз етілгенімен, ғимараттың ескілігі уайым тудырған.Бүгінде мектепте 203 оқушы білім алса, соның 60-ы интернатта жатып оқиды. Сынып бөлмелерінің жетіспеушілігі байқалса, жатақхана да толықтай талаптарға сәйкес емес еді. Бұл жағдайлардан аудан басшысы  да хабардар. «Алдағы уақытта мектептегі қиындықтардың оң шешімін табуына ықпал жасаймын» деген болатын.
Міне, осы жағымды жаңалық бәріміздің қуанышымызға себепші болып отыр. Жақында ғана өткен облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың есепті баяндамасында №71 орта мектептің жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатқанын естідік. Бұл – мемлекеттің білім саласына деген ерекше қолдауы екеніне тағы бір дәлел.

С. Абдуллаева,
№71 орта мектептің директоры
22 ақпан 2020 ж. 688 0