Елге қарайласар азаматтар аман болсын

Аралдықтардың жанайқайы ақырында құзырлы орындардың да құлағына жетті. Біздің елде орын алған табиғи жағдайдың салдары елдің тұрмысына да әсер етпей қоймады. Көп жылдан бері төрт түлігін түлетіп, бар ырысын малдан тауып отырған ауылдағы қарапайым халықтың көңілі құлазып, құты қаша бастады. Дегенмен, елдің мәселесі ескерусіз қалған жоқ, Аудан басшылығы мен облыстағы сала басшыларының, аймақ басшысы Г.Әдіқалықованың тікелей араласуымен қуаңшылықтан зардап шеккен аралдықтарға жан-жақтан көмек көрсетіле бастады. Аудан көлемінде төтенше жағдай жарияланды. Көршілес аудандар мен облыстар, елден шыққан жомарт жүректі азаматтар қайырлы іс жасап, мал-текесі бар отбасыларды тегін жем-шөппен қамтамасыз етіп жатыр. Сол көмекке біз де қол жеткіздік.
Осының арқасында бүгінде малымыздың реңі кіріп, қоңы жақсарды. Нарықтағы құнын жоғалтпай отыр. Осындай игі бастама жасап, елге қолдау көрсетіп жүрген барша азаматқа алғысымды айтқым келеді. Сіздердің өлшеусіз еңбектеріңіздің арқасында біздер бүгін уайымнан арылдық. Төрт түлігіміз түзелді. Осындай елін ойлайтын азаматтардың барына мың шүкір дейміз.
Нұрлыбай Шалабаев,
Арал қаласының тұрғыны