Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жамбыл облысындағы жарылыстан 4 әскери қызметкер қаза тапты

Жамбыл облысындағы жарылыстан 4 әскери қызметкер қаза тапты

Жамбыл облысындағы жарылыстан 4 әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы мәлімдеді. 
“Өкінішке қарай, өрт сөндіру кезінде 4 әскери қызметкер көз жұмды. Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрі қоймасында болған өрттің салдарынан келісімшарт бойынша екі әскери қызметші - 1981 жылы туған сержант Мешінбай Марат Сайлаұлы, 1981 жылы туылған ефрейтор Жанболатов Руслан Жүрсінбайұлы және әскерилендірілген гвардияның қызметкері Дәлібаев Оразбек, әскерилендірілген гвардия күзетшісі Далибаев Оразбек Дайрабекұлы қаза тапты.  Қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Қазіргі таңда бірнеше адаммен байланыс орнату мүмкін болмай отыр. Олар тірі деп үміттенеміз. Іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – дейді Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы.
Министр қаза тапқандардың ішінде қарапайым халықтың жоқ екенін айтты.  
“Қазіргі таңда зардап шеккендер мен қаза тапқандардың ішінде бейбіт тұрғындар жоқ”, – деп мәлімдеді министр. 
27 тамыз 2021 ж. 418 0