Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медицина саласына – қомақты қаржы

Медицина саласына – қомақты қаржы

Мемлекет басшысының жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жұртшылық әрқашан үлкен үмітпен күтеді. Сондықтан Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдадым.
Жолдауда айқындалған ауқымды мәселелер және оларды шешуге бағытталған нақты міндеттер біздің ертеңгі күнге деген сенімімізді нығайта түсері анық. Жолдауда көтерілген қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және қауіпсіздік салаларындағы қандай мәселе де ел тілегін ескеруден туындап отырғанын әрбір азамат түсінеді деп ойлаймын. Осындай маңызы зор Жолдаудың Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мерейтойы тұсында айтылуы да орынды.
Осы Жолдауда денсаулық сақтау саласына да ерекше көңіл бөлінетіндігі көңілімізді қуанышқа бөледі. Жолдауда: «Медицина саласына қомақты қаржы құю керек. Бұл қаражат инфрақұрылымға, маман даярлауға және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалуға тиіс. Бөлінген қаражат Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуға, коронавирус екпесінен бөлек жоспарлы екпе салуға жұмсалуы тиіс. Сонымен бірге отандық дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтардың үлесін 50 пайызға жеткізу керек. Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың барлығы өзіміздің елде өндірілуі тиіс», –деген Мемлекет басшысының тапсырмасы өте орынды екендігін айтқым келеді. Сондай-ақ Жолдауда «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылатыны да тілге тиек етілді. Яғни, бұл – перзент сүйе алмай жүрген отбасылар үшін қуанышты жаңалық болды деп ойлаймын.
Жалпы, Президенттің биылғы Жолдауы ел дамуы үшін алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға айқын бағыт-бағдар іспетті дер едім.
Әсел СЕРДАЛИЕВА,
"Абай" ауылдық емханасының психологі
09 қыркүйек 2021 ж. 660 0