Коронавирусты көбінесе кімдер жұқтырады?

Алматылық эпидемиологтар жүргізген талдау бойынша соңғы екі аптада еңбекке қабілетті жастағы адамдар көп сырқаттанған.
«14 жасқа дейінгі балалар арасында ауру көрсеткіші 3,3%-ға өсті. Бұл мектептер мен отбасылардағы инфекциялардың салдары. Көбінесе 20-39 жастағы азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтырады, олардың үлесі - 28%, 40-59 жасында - 22% және 60 жастан асқан адамдар - 23%», деді Әсел Қалықова.