Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мал баққанға бітеді

Мал баққанға бітеді

Жыл өткен сайын ата кәсіпті жалғастырып, төрт түліктен ризық- несібе айырған ағайын қарасы да қалыңдап келеді. Солардың бірі – «Байтуғанов Жали» шаруа қожалығы. Бұл шаруа қожалықтың төрағасы – Жәли Байтуғанов.  Арал ауданы Аралқұм ауылдық округі территориясында орналасқан.
Ол 2012 жылы шаруа қожалығын құрып, 2013 жылдан бастап Қазақтың ақбас сиыры тұқымын өсіруде. Бертін келе 2015 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша кәсібін әрі қарай дөңгелету мақсатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалынан жоғары көлемде несие алып /6 пайызбен/, оған 105 бас тауарлы аналық сиыр сатып алған.
Бұл жөнінде қожалық төрағасы Жәли Байтуғанов:
Экономиканы өрге сүйрейтін – ауыл шаруашылығы. Бізде оны әрі қарай дамытуға мүмкіндік жоғары. Даламыз кең байтақ, мал бағуға өте ыңғайлы. Мен осы жағын ойлай келе істі бастап кеткем.Әдепкіде мал басын асылдандыру мақсатында 6 бас қазақтың ақбас сиыры тұқымының бұқашықтарын сатып алдық. Әрі қарай бұл жұмысымыз эақсы нәтиже берді. Қазіргі кезде мүйізді ірі қара мал басын 206 басқа жетіп отыр. Кәсібімізді одан әрі жалғастыра отырып, яғни мал басын өсірн отырып Үкімет тарапынан бөлінген субсидияны алып, жалғастырып келеміз. Әр істің қайыры бар. Осы шаруамның жемісін көріп келемін, – дейді ризашылық сезіммен.   Иә, қожалық иесі биылғы жылғы қуаңшылық жағдайға қарамастан, Үкімет тарапынан  жем-шөптік азыққа берілген субсидиядан да өз үлесін алып, мал басының шығынына жол бермей жұмыс жасауда. Сонымен бірге 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Әркез аудандағы іс-шараларға да қайырымдылық көмек жасап, жанашырлық танытып келеді.  Ауданда өткізілген жәрмеңкелерде ауыл шаруашылығы өнімдерімен көмек беруде.
Бір сөзбен айтқанда Мемлекет басшысының «істің қиюын келтір, сат, пайда тап» деп айтқан сөздеріне өзінің нақты да тиянақты жұмысымен жауап тапқандай. Қожалық төрағасы Жәли Байтуған осы сөзді өзіне ұстаным еткен. Әрбір ісі көпке үлгі боларлықтай.
К. ЗДЕНОВА
30 қыркүйек 2021 ж. 960 0