Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 8 қазанға арналған ауа райы болжамы

8 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде 8 қазанда солтүстік-батыс антициклонының әсерінен, күн негізінен жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің шығысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында ғана қар және қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жел күшейеді, оңтүстікте – шаңды дауыл тұрып, түнде және таңертең оңтүстік және оңтүстік-шығыста, солтүстік-батыс және орталықта тұман түседі.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында тұман, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыс және таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 мтерге жетіп, екпіні 23-28 м/с болады.
Түнде және таңертең Алматы облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі, күндіз Алакөл көлдері аумағында – желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Түркістан облысының солтүстігінде, батыс және таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, екпіні 25 м/с-ке жетеді.
Қызылорда облысының орталығында және оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 мтерге жетеді, екпіні 23 м/с болуы ықтимал, облыстың орталығында шаңды дауыл тұрады.
Қостанай, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде және солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі.

kyzylorda-news.kz
08 қазан 2021 ж. 312 0