Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Айнұр Тұрсынбаева: Адамның бақытты не бақытсыз екенін сөзінен-ақ білуге болады

Айнұр Тұрсынбаева: Адамның бақытты не бақытсыз екенін сөзінен-ақ білуге болады

Айнұр Тұрсынбаева бақытты адамдар мен бақытсыз адамдар туралы жазба жариялады. Адамға бақытты болу үшін көп нәрсе керек емес деген пікір айтты. Көпшілікке тазалық пен бақыт тіледі.

“Адамдардың бақытты не бақытсыз екенін сөйлеген сөзінен, жасаған амалынан, мінез-құлқынан білуге болатынын қазір бәріңіз жақсы білесіздер. Айналаңызда немесе әулетіңізде әркіммен алысып, уын шашып, тек қана жамандықты айтып, жұрттың бәрінен мін іздеп отыратын адамдар бар ма?! Мен айтпасам да ол адамның жүрегінде тыныштық жоқ екенін біліп отырсыз ғой. Қысқа ғана ғұмырын біреудің артын ашумен өткізіп жүргендердің тағдыры неткен аянышты.

Бірақ сол адамдарды басқаларға жамандап, аяп, сөз қайтаратын болсаңыз сіз де өз бақытыңызды жоғалтып аласыздар.

Алласын танымаған, таппаған адамның ешқашан жүрегінде тыныштық болмайды! Ал жүрегінде тыныштық жоқ адамда қайдағы бақыт?! Оларға бар ақшасы аз сияқты, дүние тар сияқты, басқалардың жолы болғыш сияқты тек қана өзі дүниені тіреп тұрған сияқты, өзі ғана ақылды сияқты көрінеді екен. Бұл тәкаппарлық емей немене?! Есіңізде болсын! Бақытты адам сізге тек бақыт сыйлайды.

Бақытты адамның жүзінде нұр болады! Сөздері жұмсақ, тілі тәтті болады. Айналасына шуақ шашады. Мейірімі төгіліп тұрады.. Басқалар үшін шын жүрегімен қуана алады.

Мен сіздерді жақсы көремін жақсыларым. Жүректеріңізге сәбидікіндей тазалық тіледім. Ал сіз бақыттысыз ба?”, – деп жазды айтыскер.

Ақынның сөзін оқырманы да қолдайды.
“Сізден жақсы мотивация аламыз, сіздің әр айтқаныңыз бізге үлгі”, “Ақылды сөздер айтасыз, көңілімізге қонады”, “Бақытты адам ешкімге жамандық тілемейді”, “Бақытыңыз еселенсін, сізге бақыт тілеймін”, Бақыт туралы әркім әртүрлі ойлайды, әртүрлі түсінеді”, “Бақыт деген біреу үшін жай ғана басының амандығы, біреу үшін үлкен байлық, атақ”, – деп жазды желідегілер.
08 қазан 2021 ж. 888 0