Вирусолог коронавирустан қатты зардап шегетін адам мүшесін атады
Вирусолог дәрігер Евгений Тимаков адам ағзасындағы коронавирус әсер ететін бірнеше мүшені атады, деп хабарлайды Gazeta-ға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.
Маман инфекциядан жиі зардап шегетін мүшелерді атады. Оның айтуынша, ең алдымен бұл – өкпе, өйткені онда вирус көбейетін рецепторлар бар.
Covid-19 зақымдануы бойынша екінші орында – ішек, ал үшінші орында бауыр тұр, дейді маман.
Сонымен қатар, ішек жұмысының бұзылуы мен оның микробиоттары вируспен күресуге қажетті иммунитетке әсер етеді, дейді маман.
Ресейдегі эпидемия Қазақстанға келуі мүмкін бе? Маман түсіндірді
Дәрігер сонымен қатар коронавирус иммунологиялық жадқа қатты әсер ететінін атап өтті.
"Бұл біздің иммунитеттің 20-30 пайызын құрататын қызылша сияқты әсер ететіні туралы мәліметтер бар. Сондықтан, коронавирустық инфекциядан кейін адам жиі ауыра бастайды, жаңа инфекцияларды жұқтыруға бейім бола түседі, бізде жасырын жатқан герпетикалық аурулар күшейеді", – деді Тимаков.
stan.kz