Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғам белсенділері жаңадан салынып жатқан студенттік жатақхана құрылысы мен жатақханаға орналасу барысын бақылайтын болады

Қоғам белсенділері жаңадан салынып жатқан студенттік жатақхана құрылысы мен жатақханаға орналасу барысын бақылайтын болады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуінде білім беру жүйесін қалыптастыруда әлемдік стандарттарға жету үшін студенттердің оқу мен тұру жағдайына ерекше көңіл бөлу керектігін атап өткен болатын.
Осы тапсырманы орындау мақсатында ағымдағы жылдың маусым айында «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы аясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Арнайы мониторингтік топ мүшелері рейд шараларын жүргізді. Шара барысында бөгде азаматтардың студенттер жатақханасында заңсыз тұрып жатқан жағдайлары анықталған.
Кейбір оқу орындарында жатақханада бос орындар бола тұра, студенттер пәтерлерді жалдауға мәжбүр болады. Ал, пәтерлерді жалдау бағалары жатақханаға төленетін бағадан едәуір жоғары.
Оқу жылы басталатын кезеңде жатақханада тұратындардың санының көбейетіндігі белгілі.
Осыған байланысты, Агенттік қоғам өкілдерімен бірлесе отырып бөгде азаматтарды студенттік жатақханаларға орналастырмау және орындарды объективті түрде бөлуді бақылау мақсатында тиісті іс-шаралар жүргізетін болады.
Еліміздің барлық аймақтарында Арнайы мониторингтік топ пен Қоғамдық кеңес мүшелері студенттердің жатақханаға орналасу барысына белсене атсалысады деп жоспарлануда.
Бұл жұмыстар жатақханада тұратындар мен бос орындар есебін жүргізуде ашықтықты арттыруға себебін тигізеді.
Егерде, Сізге, студенттер жатақханасына орналастыру бойынша кез-келген заңсыз әрекеттер белгілі болса, тиісті шұғыл шаралар қабылдануы үшін Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментіне (+7 /7242/ 702520, +7 707 9700177, +7 778 9255308) хабарласуыңызға болады.
Бұған қоса, қоғам өкілдері салынып жатқан жатақханалардың мерзімі мен сапасын бақылауға алады.
Сонымен қатар, Агенттік оқу орындарының оқытушылары мен студенттерін білім алу барысында шынайы адалдық және әдептілік қағидасын ұстануға шақырады.
****
Глава государства в своем обращении к народу Казахстана «Пять социальных инициатив Президента» отметил, что в целях создания системы образования по мировым стандартам необходимо особое внимание уделять условиям обучения и проживания студентов.
Во исполнение данной задачи в июне текущего года в рамках проекта «Карта общественного контроля» члены Специальных мониторинговых групп Агентства по делам госслужбы и противодействию коррупции провели рейдовые мероприятия, в ходе которых выявлен ряд фактов незаконного проживания посторонних лиц в студенческих общежитиях.
При этом, в отдельных учебных заведениях, ввиду отсутствия свободных мест, студенты вынуждены арендовать квартиры, стоимость которых значительно превышает оплату общежитий.
С началом учебного года закономерно увеличится количество лиц, заселяющихся в общежития.
В связи с этим, в целях недопущения заселения в студенческие общежития посторонних лиц, а также для более объективного процесса распределения мест, Агентством совместно с общественностью будут проведены соответствующие мероприятия.
Так, запланировано, что члены Специальной мониторинговой группы и Общественного совета примут активное участие во всех регионах страны в процессах открытого заселения студентов в общежития.
Данная работа позволит повысить прозрачность учета проживающих лиц и наличия свободных мест.
В случае, если Вам стало известно о незаконных манипуляциях с местами в студенческих общежитиях, Вы можете обратиться в департамент АДГСПК по Кызылординской области (+7 /7242/ 702520, +7 707 9700177, +7 778 9255308) для принятия незамедлительных мер.
Общественниками также будут проконтролированы качество и сроки строительства общежитий.
Наряду с этим, Агентство призывает преподавателей и студентов учебных заведений придерживаться принципов академической честности и порядочности в процессе получения образования.
22 тамыз 2018 ж. 1 216 0