Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада көлік жүргізушісі 17 жастағы жасөспірімді қағып кетті

Қызылордада көлік жүргізушісі 17 жастағы жасөспірімді қағып кетті

Қызылорда қаласында жеңіл көлік иесі жаяу жүргіншілер жолында 17 жастағы жасөспірімді қағып кетті.
Оқыс оқиға 1 қарашада Абай даңғылы мен Панфилов көшесі қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолында болды.
«Toyota Camry автокөлігін басқарып келе жатқан 54 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 17 жастағы жасөспірімді қағып кеткен. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Жаяу жүргіншіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілген.

kyzylorda-news.kz
02 қараша 2021 ж. 400 0