Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан аумағында жел күшейеді

Қазақстан аумағында жел күшейеді

Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жел күшейеді. Қазгидрометтің болжамына сай, кең ауқымды антициклонның әсерінен ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батысында жауын жауады деп күтіліп отыр. Батыс және оңтүстік өңірлердегі таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді деген болжам бар. Ақмола, Қостанай облыстарының солтүстігі мен орталығында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, түнде 23-28 метрге жетеді. 
qazaqstan.tv​​​
09 қараша 2021 ж. 445 0