Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 5 ақпанға арналған ауа райы

5 ақпанға арналған ауа райы

  baq.kz Қазақстанның басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады. Осыған байланысты елдің басым бөлігінде жауын, қар жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, тек елдің оңтүстік және оңтүстік батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. 
Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді. 
Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метрге жетеді. 
Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, Қостанай облысында екпіні 23-28 м/с. 
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. 
Алматы, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
05 ақпан 2020 ж. 696 0