Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қарашаның 20-ы күнгі ауа райы

Қарашаның 20-ы күнгі ауа райы

Қазақстанның басым бөлігінде бүгін ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды kazhydromet.kz
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 20 қараша күні республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар) жауып, жел күшейсе, ендігі бір аумақтарда бұрқасын болып, тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының бірқатар аумақтарында көктайғақ болады, тұман түсіп, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда облысында күндіз желдің екпіні 23 м/с-ке дейін күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-қа жетеді, түнде – көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.
Алматы, Атырау облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз желдің жалдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау облысының кей бөліктерінде бұрқасын күтіледі.
Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында бұрқасын болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал.
20 қараша 2019 ж. 652 0