Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуіндегі ауытқушылық және оны түзету жолдары.
Педагогика саласындағы қандай маман болмасын олардың ең негізгі нысаны бала, оны мазалайтын кедергілер және сол кедергілерді түзету жолдары. Ол үшін ең алдымен маман зерттелуші тұлғаның жеке қасиеттеріне басты назарды аударуы қажет. Мысалы, балабақшаға келетін ортаңғы немесе ересек топтың тәрбиеленушісінің сөйлеу тілінде ерекшеліктер болды делік. Логопедия саласында мұндай кедергілерді арнайы зонттардың көмегімен түзетсе, дефектология саласында басты назарды түзету жаттығуларына аударады. Ал психология саласында балалардың сөйлеу қабілетіндегі ауытқушылықтарды ойлау жүйесіне әсер ете отырып түзету жұмыстарын жүргіземіз.
Балалардың сөйлеуіндегі кейбір кемшіл тұстар ми бөлігіндегі мишық жүйесінің жүйке талшықтарының жұмысымен тікелей байланысты. Л.С.Выготскидің «Мектеп жасына дейінгі балалардың онтогенез факторлары» атты еңбегінде біз айтып отырған мәселеге қатысты дәлелдемелер келтірілген. Онтогенез ұғымы медецинада, биологияда, психологияда көп талқыланатын ұғым. Биологтар бұл терминді эмбрионның қалыптасқаннан туғанға дейінгі аумағын қамтыйды десе, медецинада организмнің жеке дара дамуымен ұштастырады. Ал психология бағытында ойлау жүйесінің жұмысымен байланыстырылады. Балалардың ойлау деңгейінің ахаулары олардың кіші ми жүйесінің бұзылуы салдарынан екендігін дәлелдеген. Кіші ми жүйесінің бұзылуы екі тармаққа бөлінеді. Олар туасылы немесе қалыптаса келе өзгеріске ұшырайды. Туасылы қалыптасқан балалар «ерекше балалардың» қатарына кіріктіреміз. Ал балалардағы кіші ми жүйесінің бұзылуы қалыптаса келе дамуы түрліше себептермен байланысады. Мысалы, ата-ана, педагог немесе өзге ересектерден келетін тыйым, қоршаған ортадан зәбір көру, физикалық, логикалық, бір нәрсені қорқыныш болуы сондай-ақ телефон, теледидар сынды заманауи техникаларға деген тәуелділіктің саладарынан болуы мүмкін.
Жалпы ми бес бөліктен тұрады. Сол бөліктердің ішінде ойлау жүйесімен сөйлеу жүйесін реттейтін ол бесінші ми бөлігі яғни мишық. Кез-келген сұрақ қойылғанда қабылдау бағыты мишық жүйесінде қорытындыланып оған тиісінше жауап қайтарылады яғни қайтымды әрекет қалыптасады.Көбінде балалар қойылған сұрақтарды қорытындылай алмайды. Бұған жоғарыда атап көрсеткен төрт себеп себепші болуы әбден мүмкін. Сондықтан жауап бергісі келмейді немесе түсініксіз, келте жауап беруге дағдыланады. Лобороториялық зерттеулердің нәтижесіде, мұндай мәселелерді түзетуде, психолгия саласында ойын әрекеті бірден-бір жақсы нәтиже көрсеткен. Сол сияқты ертегі терапиясы ойлау жүйесін түзетсе, құм терапиясы саусақ ұшы рецепторларына әсер ете отырып бала тілінің шығуына ықпалын тигізген. Осындай ауқымды әрі пайдалы терапиялардың жиынтығын интегративті психотехналогиялар деп атаймыз.
Балаларымыздың болашағы бүгіннен бастау алады. Тілінің дамуындағы кешеуілдік қазіргі таңда өзекті проблемалардың қатарында. Сондықтан бала денсаулығына назар аударып, дер кезінде дәлелденген әдістермен көмек беруге асыққан дұрыс. Бұл тұста ата-аналар сөйлеу тіліне кедергі келтіретін себептерден шектеп, баланың заманауи ойын түрлерінен көрі дәстүрлі ойындармен ойнағанына басты назар аударғандарыңыз абзал. Осындай екі жақты тиімді жұмыс нәтижесінде балаларымыздың тілдік ерекшеліктеріндегі кедергілерді түзейміз деген ойдамын.
Гүлбану Ташауова
«Шағала» бөбекжай-бақшасының психологы