Жаялық неге жайылмайды?

Негізінен сәбилерді 1 жас 6 айлығына дейін түбекке отырғызу қажет. Яғни, бұл жасқа дейін памперсті пайдаланбаған жөн. Сонымен қатар нәрестеге жаялықты 6 сағаттан артық кигізбеген дұрыс. Кей кездері қонаққа немесе көпшілік жерлерге баратын болсаң, балаға памперс кигізген жөн. Былайғы кезде сәби бұтындағы артық салмақ күллі зиян. Әрине, бұл уақыттары кигізіп, үйге келген соң шешіп қою керек. Бұл жаялық түрлері сәби денесіне ауа өткізбей тұрады.
Қазіргі дамыған заманда адамзат қажеттілігі үшін көптеген заттар шығып жатыр. Сәнденген жиһаздардан бастап, түрлі техникалық жабдықтарға дейін дамып келеді. Солардың арасында сәбиге қажетті түрлі бұйымдар да қалыс қалып жатқан жоқ. Бірақ баланы бесікке бөлеп, жаялығын жайып, тазалыққа бойын үйреткеннің тиімділігі бөлек. Қазіргі таңда күнделікті тірлікте көріп жүргеніміздей, жас келіндер оңайға ұмтылады. Яғни, тәулік сайын сәбиге пампраес алуды әдетке айналдырады. Бұл жаңа үй болып жатқан шаңырақтың отбасылық бюджетке айтарлықтай салмақ түсірері сөзсіз. Нақтырақ айтсақ, қала дүкендерінде біз сөз еткен памперстың 130-150 теңге тұратынын ескерсек, ай сайын шығатын шығынның мөлшері қанша боларын іштен пайымдайсыз. Ендеше, бала денсаулығын ойлап, сәбидің жаялығын ауыстыруғ ерінбеген абзал.
Нұрланова Айсауле