Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Арал орман жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі қызметкерлері аудан бойынша жергілікті ауылдық округ әкімдіктерінде халықпен кездесу жұмыстарын жүргізді. Кездесуде орман қоры айналымдарындағы орман өртін болдырмау, алдын алу бойынша,сонымен қатар қыс мезгілі басталуына байланысты тұрғындардың ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақым жасаудың алдын алуы түсіндірілді. Сондай-ақ заңсыз кесілген ағаштар мен бұталарға қолданыстағы заңнамалараға сәйкес шара көрілетіндігі ескертілді.


Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
03 желтоқсан 2021 ж. 369 0