Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Емтихан тапсыруға барарда мына тамақтарды жемеңіз

Емтихан тапсыруға барарда мына тамақтарды жемеңіз

Кезекті семестр, тоқсан аяқталуға жақын қалды. Емтихан – оқушы мен студент өмірінде маңызды орын алатын уақиға. Сондықтан да оған жауапкершілікпен қараушылар көп.

Емтиханды бәрі жақсы тапсырып, қалаған бағасы мен ұпайын алғысы келеді. Ал сынақты жақсы тапсырудың бірден-бір жолы – бұл өзіңді жайлы әрі бабында сезіну. Сондықтан емтиханға кірерде дұрыс ас ішудің маңызы зор.

Сынақ залына кірерде мына тағамдарды жемеген жөн.

Тәтті-пәтті. Қант адамның миына өте зиян. Әсіресе, қант адамның жаттау, есте ұстау, жалпы айтқанда жад жұмысына кері әсер етеді. Содан адамның ұзақ жаттау қабілеті бұзылады. Сондықтан емтиханға дайындық бастарда тәтті жеуді доғарыңыз.

Кофе. Кофені ұйқыашар үшін ішетіндер аз емес. Олардың қатарында студенттер де бар. Алайда кофейн ағзаның өзінен энергия өндіру арқылы миға кері әсер етеді. Кофе адамның ұйқысын қашырып, ағзаға артық күйзеліс түсіреді. Содан жүрек соғысы жиілеп, созылмалы белгілер, қорқыныш пен үрей пайда болуы мүмкін.

Қуырылған тағам. Емтихан тапсыруға дайындалып жатсаңыз, қуырылған тағам жеуден тартыныңыз. Қуырылған тағам миға зиян. Қаныққан май мен холестерин миға қан жүргізбей, кедергілер келтіреді. Содан мидың қабілеті төмендеп кетуі мүмкін.

Трансмай қосылған тағамдар. Бұған қандай тағамдар жататынын білетін болармыз. Фастфуд. Мұндай тағамдар мидың солуына, ойлау қабілетінің төмендеуіне, мешеулікке әкеледі. Шешім қабылдау мен ойлау төмендеп кетеді. Ми қабілетінің кез келген процесіне кері әсер етеді.

massaget.kz
07 желтоқсан 2021 ж. 439 0