Қызылордада күн жауын-шашынсыз болады
Қазақстан терриориясының басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн құбылмалы болады (жаңбыр, қар) жауады. Елдің солтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.
Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқып, шаңды дауыл тұрады.
Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с эылдамдықпен соғып, жаяу бұрқасын болады.
Қостанай облысының солтүстігінде жел күшейіп, секундына 15-20 метрге жетеді, бұрқасын соғады. Елдің оңтүстігінде тұман түседі.
Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі, батысында және орталығында желдің күші секундына 17-22 метрге жетеді, шаңды дауыл тұрады.
Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Түнде және таңертең Алматы, Шығыс Қазақстан областарының солтүстігінде тұман түседі.
Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі.
kyzylorda-news.kz