Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы мақаласының жастар үшін маңызы зор

Елбасы мақаласының жастар үшін маңызы зор

Тұңғыш Елбасының "Тәуелсіздік тағылымы" атты мақаласында тәуелсіздік жылдарында мемлекеттің  өсіп-өркендеуімен қатар қарыштап дамуы, алға қарай жылжуы, жас мемлекеттің әлемдік аренада өз орнын алғандығы баяндалып, мемлекетіміздің  экономикалық-саяси дамуына сүбелі үлес қосқаны айтылды.
Елбасы өз сөзінде: "Мен отыз жыл бойы халқымды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, әлемдік өркениеттің алдыңғы шебіне, дүниедегі ең дамыған елдердің қатарына қостым.  Осы жылдар ішінде әлемдік ғылым мен мәдениеттің ең үздік жетістіктерін меңгерген жаңа ұрпақ қалыптасты. Жаңа елордамыз салынды. Ең үлкен табысым да, ең үлкен бақытым да осы деп санаймын. Бұл дегеніміз жас мемлекеттің арға қарай дамуы үлкен белестерге апаратыны сөзсіз" деген болатын.
Елбасы мақала шеңберінде  тәуелсіз мемлекетіміздің алдағы уақытта болашағы жарқын келешегі кемел екенін, қиын қыстау кезеңнен өткен тұғыры мемлекеттің алға қойған міндеттері мен ауқымды жұмыстары алда екенін де жеткізді.
Мақаланы оқи отырып, елдің болашағы да жастар саналғандықтан, оларға артылып отырған үміт те зор екенін түсіндік. Иә, тәуелсіздік жыл­­дарында көп жетістікке қол жет­кіздік. Мұнан әрі де мемлекеттің нығая түсуі жолында жастардың бұрынғыдан да белсенді болуы аса маңызды. Себебі, өсіп келе жатқан өскелең ұрпақ үшін тәуелсіздіктің мағынасы ұшан-теңіз екендігіне сенімім мол.
Ержан САБЫРБАЙ,
аудандық «Jas Otan» жастар қанатының бөлімше басшысы
15 желтоқсан 2021 ж. 682 0