Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар ерте қартаюға әкелетін әдетті анықтады

Ғалымдар ерте қартаюға әкелетін әдетті анықтады

Америкалық кардиологтар қоғамы теледидарды көп көру ерте қартаюға әкелетінін айтты. Бұл туралы Eat This, Not That! жазды.

Кардиологтар теледидарды көп көретін орта жастағы адамдарда мидағы сұр заттың мөлшері азайып, қартайған кезде ақыл-ой қабілетінің бұзылуына әкелетінін айтады.

Сонымен қатар, Колумбия университетінің Ирвинг медициналық орталығының невропатологы Прия Палта теледидар жанкүйерлері көп отырғандықтан, дене қозғалысы болмайтынын, бұл да денсаулыққа кері әсер ететінін айтады.

Қартаюды тездететін тағы бір фактор – ұйқы режимін сақтамау. Егер сіз күніне 8 сағаттан аз ұйықтасаңыз, онда мидың когнитивтік функциялары айтарлықтай төмендейді. Бұл жағдайда ағзаның зақымдануы 4-7 жыл бұрын қартаюмен тең.

massaget.kz
17 желтоқсан 2021 ж. 511 0