Биолог «омикрон» штаммнан қорғанудың екі тәсілін айтты

Lenta.ru мәліметінше, ең алдымен, биолог медициналық бетпердені тек иекке тағуды доғарып, онымен мұрынды жабу арқылы дұрыс қолдануды ұсынады.
Сондай-ақ, оның айтуынша, үйдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасын толықтырып, әдеттегі керекті дәрі-дәрмектерді алдын-ала сатып алған жөн.
Биология ғылымдарының докторы, Джордж Мейсон университетінің жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова:
Дәріханалар коронавирустың таралу нүктесі болуы мүмкін. Аурудың бастапқы кезеңінде адамдар парацетамол үшін дәріханаға баратынына күмәнім жоқ. Сол арада түшкіріп-пысқырады, ал оның артында кезекте бетпердені иекке тағып алғандар инфекцияны жұқтырып, оны ары қарай таратады.
syrboyi.kz