Тәуелсіздік – аманаты бабамның
Тәуелсіздік – халқымның мерекесі,
Тәуелсіздік – Отанның керегесі.
Тәуелсіздік, сенің ғана арқаңда,
Кіреді еліміздің берекесі.
Тәуелсіздік туымды көкке көтерген,
Тәуелсіздік – аманат етер өнегем.
Тәуелсіздік – мен үшін асыл әлем,
Тәуелсіз боп тұрғанымды мақтан етем.
Тәуелсіз елдің тұрғынымын, білемін,
Дамыған елдің қатарына кіремін.
Тәуелсіздік – берген бағы Тәңірдің,
Егемендік мәңгі болсын тілегім!
Емін-еркін, алшаң басып жүреміз.
Берекелі жақсы өмір сүреміз.
Тәуелсіздік үшін кетті қанша адам,
Сондықтан да қадіріңді білеміз.
Әмина Оралбай,
№69 орта мектептің 3 сынып оқушысы
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік – еркіндігім, төрімдесің,
Тәуелсіздік, егемендік жеріндесің
Тәуелсіздік – баянды бақытымсың,
Тәуелсіздік, бейбітшілік еліндесің.
Тәуелсіздік! Жаса мәңгі қазағым,
Тәуелсіздік – ғажабым.
Тәуелсіздік, 30 жасқа толыпсың
Тәуелсіздік – болмасыншы азабың.
Тәуелсіздік – бақытым, бағым менің
Тәуелсіздік – қаным да, жаным менің.
Тәуелсіздік – ақ таңым, азат елім,
Тәуелсіздік – болашағым, арым менің.
Айзере Аманқосқызы,
№69 орта мектептің 3 сынып оқушысы