Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тәуелсіздік  толғауы

Тәуелсіздік  толғауы

Тәуелсіздік -аққан  қан  мен  төккен  тердің  өтеуі.
Тәуелсіздік -қабырғалы  қайсаррух   төзімі.
Тәуелсіздік -бірлік   тіні,   қатер  сынысебулі.
Тәуелсіздік -Ортақ  еңбек,  орасан  күшсенімді.
Тәуелсіздік -  алтын  күнсіңқалықтаған  қыраны.
Тәуелсіздік -  жүрек  үні,шаңырақтар  шырағы.
Тәуелсіздік -  өндірістер,  күре  жолдартөсемі.
Тәуелсіздік -  алқаптағы  алтын  дәнніңкешені.
Тәуелсіздік -  бастауысың  тереңтартқан  тарихтың.
Тәуелсіздік -  өткен  өмір  дәуірінің  күресі.
Тәуелсіздік -  құйылған  қан,таудай  сүйек  үйулі.
Тәуелсіздік -  ұйқысыз  түн,  білмеген  еш  күлуді.
Тәуелсіздік -  ызғарына  іліккен  бар  өткеннің.
Тәуелсіздік -  қалыңқатпар  белдерінде  бөктердің.
Тәуелсіздік -  арманыммен  мұраттарым  еңселі.
Тәуелсіздік -  толғанып  бір,   толғайық  та  бізсені!
Тәуелсіздік -керек   нағыз  құндылықты  жоғалтпау.
Тәуелсіздік -  ата  арманы,   анааңсары  қалаулы.
Тәуелсіздік -ақиқатқа  айналған  шын   мұраттар.
Тәуелсіздік -  нұрларына   шомылдыраршуақтар.
Тәуелсіздік -Мәңгілік  Ел  отыжаңа  маздаған.
Тәуелсіздік -  арманысың  Тоныкөктіңаңсаған.
Тәуелсіздік – сан  мың  рет  айтатынжыр-толғауым.
Тәуелсіздік -  тас  түйінім,үзілмейтін   жалғауым.
Тәуелсіздік -  азаттық  пенеркіндіктің  жаршысы.
Тәуелсіздік -  дінім,  тілім,ділім  менен  тарихым.
Тәуелсіздік -  Желтоқсанныңжаңғырығыайтулы.
Тәуелсіздік -   ЕлҰраны,  жаңылмайтын  айтуды.
Тәуелсіздік -  сағынышым  нұр  көгінде  табысқан.
Тәуелсіздік -  бодандықтың  бұғауымен   алысқан.
Тәуелсіздік -  Тәңір  сыйы  енгенбізге  төбеден.
Тәуелсіздік -  Тәуелсіздік   Елмұрасы   Егемен!.
Шолпан   Жібекәлиқызы
Арал  қаласы
05 сәуір 2018 ж. 2 272 0