Кәсіби білім болашаққа бағытты айқындайды

Расында отыз жыл бұрын ғана тәуелсіздікке қол жеткізген мемлекетіміз үшін бағындырған биіктер аз емес. Әлем елдерімен терезесі тең деңгейдеміз деп айта аламыз. Бірақ бүгінгі жаңалық күні ертең тарихқа айналып, көз ілеспей жылдамдықпен дамып жатқан қазіргі қоғам үшін белгілі бір деңгейде жетіп, сол биікте тоқтап қалуға болмайды. Сондықтан уақыт ағымымен бірге ілесіп, алдыға жылжып отыруға міндеттіміз.
Ол үшін әлбетте бірінші кезекте білім сапасының бәсекеге қабілетті, сын көтере алатындай дәрежеде болуы қажет-ақ. Әсіресе, егемен елдің ертеңгі тұтқасын ұстар білікті маман тәрбиелеу – біздің алдымызға қойылған бірінші мақсат. Бұл жайында да Мемлекет басшысы: "Кәсіптік-техникалық бағдарламасы арқылы жыл сайын 100 мың студент тегін оқиды. Аз қамтылған, көп балалы отбасы, ауылдан шыққан балаларға мән берілу керек... Жаңа техникалық мамандықтарды таңдаған кезде еңбек нарығындағы алдағы 10-15 жылдағы қажеттілікті ескеру керек. Бұл үшін Үкімет жаңа мамандықтардың атласын дайындау қажет" деген болатын. Расында мамандық таңдау да үлкен жауапкершілік пен болашақты сезінуге негізделу қажет деп ойлаймын.
Бүгінгі таңда Арал индустриалды-техникалық колледжі студенттерге таңдаған кәсібі бойынша білім беру ісінде жүйелі түрде жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда түрлі мамандықтар бойынша кәсіби білім алушыларға жасалған жағдай да жоғары. Және теориялық қана білім беруіп қоймай, практиканың өмірдегі алар орны ерекше екені де назарда ұсталып отыр. Колледж бүгінде толықтай талапқа сай жабдықталып, білім алушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік тудырып отыр. Мұғалімдер де ел президенті атап көрсеткен талапқа сай жұмыс жасап, ел ертеңін дамуда айрықша танылып келеді.
Аққалқа ҚОСЫМБАЕВА,
Арал индустриалды-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері