Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация тағы бір отбасын сақтап қалды

Медиация тағы бір отбасын сақтап қалды

Азаматша К. мінездерінің жараспауы себепті азамат Е-мен арасындағы некені бұзу жөніндегі арызымен Арал аудандық сотына жүгінген. Сотта анықталғандай, ерлі-зайыптылар заңды некеде 2014 жылдан бері тұрып келген және төрт балалы болған.

Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, оларды бітімге шақырып, «Медиация туралы» заңның талаптары мен тиімділігін түсіндірген. Осыдан соң тараптар дауды медиация арқылы шешуге ыңғай танытып,  отбасылық қарым-қатынасты сақтап қалу жөнінде медиативтік келісім жасасқан.
Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
22 желтоқсан 2021 ж. 459 0