Азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Талап қоюшы И.Б.-ның жауапкер И.Н-мен заңды некеде тұратынын, келешек отбасы болып онымен бірге тұруға мүмкүндік жоғын көрсетіп, мінездерінің үйлеспеуінің салдарынан араларындағы заңды некені бұзуды сұраған.
Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, отбасылық құндылықтардың маңыздылығы туралы жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, ерлі-зайыптылар ымыраға келіп, медиативтік келісім жасауға ниет білдірген.
Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі