Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Омикрон» штамын жылдам анықтайтын тест шығарылды

«Омикрон» штамын жылдам анықтайтын тест шығарылды

Ресейлік ғалымдар коронавирустың жаңадан пайда болған «омикрон» штамын бірден анықтай алатын тест жасап шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

РИА Новости таратқан ақпаратқа сәйкес, тест-жүйелер әзірленіп, зертханалық зерттеулерден өтеді.

«Роспотребнадзордың ғылыми ұйымдарында SARS-CoV-2-нің барлық нұсқаларын анықтауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар омикрон нұсқасын одан әрі саралайтын тест жүйелері қосымша жасалды. Яғни, мұндай тест жүйесін қолдана отырып, науқас коронавирус жұқтырды ма, егер жұқтырған болса, бұл «омикрон» нұсқасы ма, жоқ па деген сұраққа жауап ала алады», дейді «Вектор» МҰО директоры Ринат Максютов.
23 желтоқсан 2021 ж. 412 0