Қызылорда облысында «Pfizer» екпесін алған жас ана аман-есен босанды

Коронавирустың алдын алуда қаймықпаған келіншек екпені ерікті түрде алғанын айтады. Дәрігерлерге сенім артқан ана мен шақалақтың денсаулығы жақсы. Олар бірнеше күн перзентханада бақылауда болып, жіті тексеруден кейін үйіне жіберілген.
Сандуғаш Мырзаханқызы, тұрғын:
«Pfizer» вакцинасын салғанда ешқандай мазасызданып, температура беріп ауырған жоқпын. Ешқандай зиянын, кері әсерін берген жоқ. Қызылорда, Шиелі, Бәйгеқұм ауылының дәрігерлеріне алғысым шексіз.
qazaqstan.tv/news/