«Пробация қызметінің үздік қызметкері» конкурсы өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты жергілікті пробация қызметтерінен байқаудың талабына сәйкес, яғни пробация саласында еңбек өтілімі кемінде 3 жыл болған, тәртіптік шарасы жоқ, 9 қызметкер іріктеліп алынды. Байқаудың бірінші кезеңі бойынша қызметкерлердің атқарған жұмыс барысы, дене, атыс, жауынгерлік дайындықтар бойынша сыналып, конкурста 9 қызметкерден 5 қызметкер іріктелді.
Екінші кезеңге қатысушылар атыс, жауынгерлік, дене даярлығы және теориялық білімі бойынша өзара сынға түсті. Қатысушы қызметкерлер арасынан ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген Қармақшы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Жүнісов Жақсыбек жеңімпаз болды. Осы қызметкер ҚАЖ комитетінде өтетін «Пробация қызметінің үздік қызметкері» байқауына Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің атынан қатысатын болады.
kyzylorda-news.kz